Сарайшық ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Тұмар» этно-фольклорлық ансамблі Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында өткен «Zhuldyz Art» халықаралық өнер байқауында бас жүлде иегері атанды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бұл жоғары марапат – ансамбль мүшелерінің талантының, қажырлы еңбегінің және ұлттық өнерге деген шынайы сүйіспеншілігінің жемісі. Ұжым халықаралық сахнада қазақтың ұлттық өнерін лайықты таныстырып, Сарайшық ауданының мерейін асқақтатты.

Осы марапатпен «Тұмар» ансамблінің ұжымын шын жүректен құттықтаймыз!