Төрт күнге созылатын «Student Unity» спартакиадасы басталды

Төрт күнге созылатын «Student Unity» спартакиадасы басталды
фото: Василий Крась

Астана қаласының студент жастары арасында «Student Unity» ашық спорттық жобасы аясында қалалық спартакиада өтті. Спорттық шараны Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жас спортшылар спорттың 4 түрі бойынша, атап айтқанда шағын футбол, волейбол, шахмат және үстел теннисінен сайысқа түседі. Жобаның негізгі мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің спортпен айналысуға қызығушылығын арттыру болып табылады. Сондай-ақ елордадағы жоғары және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өзара байланысты, командалық рух пен ынтымақтастықты нығайту. Спартакиадаға Астана қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының (колледждердің) білім алушылары қатысты. 

-    Жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Student Unity» спартакиадасының ашылуы өтті. Астана қаласындағы барлық университеттер мен колледж студенттерінің қатысуымен болды. Футбол, волейбол, шахмат түрлерінен жарыс өтеді. Бұл төрт күнге созылады. Шара соңында жеңімпаздар марапатталады, -деді “Астана жастары” жастар ресурстыстық орталығының бөлім басшысы Сұлтан Өмірғалиев. 

Жарыс соңында жүлделі орындарға ие болған командалар мен қатысушылар қорытынды форум аясында тиісті дәрежедегі кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталады. Төрт күнге созылатын спорттық ойынның жеңімпаздары мен жүлдегерлерін білікті төрешілер алқасы анықтайды.