Тоқаев Үкіметке Астанада Қазақстан-Қытай ЖИ мектебін ашу мәселесін пысықтауды тапсырды

Тоқаев Үкіметке Астанада Қазақстан-Қытай ЖИ мектебін ашу мәселесін пысықтауды тапсырды
фото: Aqorda

Мемлекет басшысы Үкіметке Астанада Қазақстан-Қытай ЖИ мектебін ашу мәселесін пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Жаңа формация мамандарын даярлауды орта білімнен бөліп қарауға болмайды. Төменнен жоғары қарай біртұтас жүйе болғаны жөн.

Осы орайда, 18 жасқа толған жасөспірімдердің мектеп партасында отырғаны қаншалықты дұрыс деген орынды сауал туады. Әдетте Назарбаев зияткерлік мектептерінде және жекеменшік білім ошақтарында солай қалыптасқан. Қазіргі балалар физиологиялық тұрғыдан тез жетілетінін ескерсек, бұл қаншалықты ақылға қонымды?

Министрлік осы мәселені қарастырып, қажет болса тиісті шешім жолдарын ұсынады деп ойлаймын.

Конституциямызда жалпыға бірдей білім беру стандарты белгіленген. Мұны міндетті түрде ескеру керек.

Қыркүйекте Жасанды интеллект университеті ашылады. Бірақ бұл жеткіліксіз деп ойлаймын. Үкімет Қытайдың жаңа технологияларды меңгерудегі жетістігі мен тәжірибесін ескере отырып, Астанада Қазақстан-Қытай жасанды интеллект мектебін ашу мәселесін пысықтағаны жөн», - деді ол.