Ақмола облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанадағы «Қазанат» ипподромында 31 қазан күні Ақмола облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Іс-шара бір күнге жоспарланып отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жәрмеңкеге Ақмола облысының 20 ауданынан тауар өндірушілер қатысып, жалпы көлемі 497,21 тонна болатын өздері өндірген ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін ұсынады. Оның ішінде:

* ет өнімдері – 154 тонна;
* сүт өнімдері – 31,75 тонна;
* көкөніс өнімдері – 227 тонна;
* шұжық өнімдері мен еттен жасалған жартылай фабрикаттар – 23 тонна;
* басқа да бакалея тауарлары – 62 тонна;
* тауық жұмыртқасы – 150 мың дана.

Жәрмеңкенің мақсаты – елорда тұрғындарын арзан бағада сапалы ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, отандық өндірушілерді қолдау, сондай-ақ өнімді өндірушіден тұтынушыға тікелей жеткізу жүйесін дамыту.

31 қазан күнгі жәрмеңке елордада биыл өтетін соңғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі болмақ. Іс-шара «Қазанат» ипподромында, Қарқаралы тасжолы, 1 мекенжайында өтеді.