Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Белгілі болғандай, Астанада 20 жастағы Нағима Дәуренбек бірлескен тікелей эфир барысында балағат сөздер айтып, трансляцияға қатысқан өзге адамдарға қатысты құрметсіздік танытқан.
Аталған дерек бойынша тұрғын ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Сот шешімімен оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіп нормаларын сақтауға, айналасындағыларға құрметпен қарауға, тікелей эфирлер мен көпшілікке қолжетімді жарияланымдар кезінде қорлау сөздері мен балағат сөздер айтуға жол бермеуге шақырады.