Сот жүйесіндегі құқық қолдану тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз етеді

Сот жүйесіндегі құқық қолдану тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз етеді
фото: Aqorda

Конституцияның 82-бабында Жоғарғы Сот Қазақстандағы азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және өзге де істер бойынша жоғары сот органы ретінде айқындалған.

Ол заңда белгіленген жағдайларда өз қарауына жататын істерді қарайды және сот практикасы мәселелері бойынша түсіндірмелер береді. Жоғарғы Соттың бұл қызметі сот жүйесіндегі құқық қолдану тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл соттардың заң нормаларын дұрыс әрі біркелкі қолдануы үшін маңызды.