Мемлекет басшысының биылғы Жолдауының басты түйіні сол, Қазақстан жаппай технологиялық жаңару дәуіріне бет бұрды. Жасанды интеллектіні дамыту, экономиканы технологиялық тұрғыдан жаңғырту және инновациялық әлеуетті арттыру ел дамуының негізгі басымдықтарына айналып отыр. Бұл өзгерістер мемлекеттік басқарудан бастап білім беру, өндіріс, медицина және күнделікті тұрмысқа дейінгі барлық саланы қамтып, Қазақстанның бәсекеге қабілетін арттыруға жол ашады. Ендігі міндет – технологиялық мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, адами капиталды дамыту және жаңа дәуірдің талаптарына сай экономикалық өсімге қол жеткізу.
Қазақстан қарқынды құрылыс алаңына айналуы керек. Бұл бағытта елімізде жақын арада 70 медицина, 50 білім, мәдениет нысандары салынады. Бастамалар әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және өңірлердің әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді. Әсіресе, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет салаларындағы жаңа нысандар ел азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Экономика жасанды интеллект пен цифровизация тенденциясын сәйкес болуы үшін энергия көзі қажет. АЭС салуды шапшаңдату, басқа да энергия көздерін дамыту күн тәртібінде. 2029 жылға дейін мемлекетіміз энергопрофицитті елге айналуы керек. Сонымен қатар Президент микро және кіші бизнесті тексеруге 3 жылға мораторий жариялау мәселесін қойды. Салық кодексіндегі бизнесті дамытуға кедергі болып тұрған пункттерді алып тастауға тапсырма берілді. Қ.Тоқаев еліміздегі әсіре бай азаматтарға салық төлеуді көбейту жөнінде айтты. Бұл – өте дұрыс қадам, бай-ауқатты азаматтардың елдің дамуы үшін жауапкершілік дәрежесі жоғары болуы керек.
Қоғамды толғандырып жүрген ең төменгі жалақыны арттыру бойынша Мемлекет басшысы 85 мыңнан 2027 жылдың 1 қаңтарынан 110 мың теңгеге өседі. Бұл – халқымыздың әлеуметтік стандартын дамытуға нақты қадам.
Елімізде жаппай цифрлық қоғам құру міндеті тұр. Бұл дегеніміз азаматтарымыздың баршасы цифрлық технология машығына ие болуы керек. Аталған шаралар Қазақстанның қарқынды дамуын қамтамасыз ете отырып, еліміздің тарих толқынынан қалып қоймас үшін қарқынды технологиялық модернизация жасауға бағытталған.
Ерлан САЙЫРОВ,
Құрылтай депутаты