Тең мүмкіндік - ортақ жауапкершілік

Тең мүмкіндік  - ортақ жауапкершілік
фото: Астана қаласының әкімдігі

«Тұран-Астана» университетінде «Әйел және ер адам: тең мүмкіндік – ортақ жауапкершілік» тақырыбында диалог алаңы өтті. Кездесу «Заң және тәртіп» қағидатын қоғамда орнықтыру, гендерлік теңдікті ілгерілету, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және отбасындағы өзара жауапкершілікті нығайту мәселелеріне арналды.

Кездесудің мақсаты – қоғамдағы гендерлік теңдік қағидаттарын ілгерілету, әйелдер мен ерлерге тең мүмкіндік қалыптастыру және өзара құрмет пен ортақ жауапкершілік мәдениетін нығайту.

Диалог алаңында «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Астана қаласы әкімдігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі Күзембай Бекдайыр Нығметұлы аталған тақырып аясында өз ой-пікірін ортаға салды.
Кездесу барысында әйелдер мен ерлердің қоғамдық өмірдегі орны, тең құқықтар мен мүмкіндіктер, отбасындағы міндеттер мен қоғам алдындағы жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды. Әсіресе, отбасындағы сыйластық пен түсіністікті қалыптастыру, әйелдер мен ерлердің қоғамдық үдерістерге тең дәрежеде қатысуы және бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершіліктің маңызына назар аударылды.

Жиынға қатысушылар да пікір білдіріп, гендерлік теңдік, отбасылық құндылықтар және қоғамдағы өзара қолдау мәдениетін дамыту жөнінде ой бөлісті. Ашық форматта өткен пікір алмасу әйел мен ер адамның қоғамдағы рөлін бір-біріне қарсы қою емес, керісінше, олардың тең құқығы мен ортақ міндеттерін үйлестіру қажеттігін көрсетті.