Жаңа Конституцияда әркімнің қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдау құқығы бекітілген. Бұл норма елдегі тілдік әралуандықты құрметтеуге және азаматтардың ана тілін қолдану мүмкіндігін қорғауға бағытталған.
Сонымен қатар қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие, ал мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қатар қолданылады.
Тілге қатысты конституциялық кепілдіктер қоғамдағы өзара құрмет пен түсіністіктің нығаюына ықпал етеді. Әр азаматтың ана тілін меңгеруіне, дамытуына және оны күнделікті өмірде қолдануына жағдай жасау – ортақ міндет. Бұл ретте мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту де жүйелі әрі сапалы тіл саясатын қажет етеді.