Астана қаласында Есіл өзенінде Chlorella суспензиясын қолдану арқылы биологиялық тазарту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Ауа температурасының жоғары деңгейде сақталуына байланысты Есіл өзеніне қосымша 3 000 литр Chlorella суспензиясын енгізу діттелді.
Судың шылау басу қарқындылығын төмендету және су айдынының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында өзенді хлорелла суспензиясын қолдану арқылы биологиялық тазарту жұмыстары жүргізілді.

Аталған әдіс су айдынының биологиялық тепе-теңдігін қалпына келтіруге, көк-жасыл балдырлардың (цианобактериялардың) дамуын тежеуге, суды оттегімен қанықтыруға және табиғи өздігінен тазару процестерін жандандыруға ықпал етпек.
Сонымен қатар, Astana Bioscience Business Centre ЖШС-нің Ғылым жөніндегі басшының орынбасары Азамат Садықов аталған тазарту жұмыстарының жай-жапсары жөнінде ой бөлісті.
«Тазарту жұмыстары Есіл өзенінің қалыпты жағдайда ағуына, мөлдір әрі көрікті болуына септеседі. Бұл био қажетті заттар судың жасылдануынан сақтап, нәрі артып, құнарланып, мөлдіреп тазаруы үшін құйылды. Мәселен «хлорелла» деген биологиялық қоспаның көмегі көп. Негізгінен су да «фосфор», «азот» сияқты органикалық заттарды қажет етеді. Осындай игі істердің арқасында өзен суының құрамы жақсарады, – деді ол.