Тазалық айналаны жинаудан бұрын, сананы тазартудан бастау алады -депутат

Тазалық айналаны жинаудан бұрын, сананы тазартудан бастау алады -депутат
фото: жеке мұрағатынан

Құрылтай депутаты Мұратбек Мұхамбедиев Президент бастамасының маңызына тоқтала келе тазалық — айналаны жинаудан бұрын, сананы тазартудан басталатынын айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында қалалар мен ауылдарды көркейту, аумақтарды көгалдандырумен қатар, экологиялық мәдениетті көтеруге ерекше мән беру қажет екенін атап өтті.

Бүгін осы бастама аясында Құрылтай депутаттары, әріптестеріммен бірге ағаш отырғызып, елордамыздың жасыл желегін көбейтуге өз үлесімізді қостық.

Тазалық — айналаны жинаудан бұрын, сананы тазартудан басталады. Экологиялық мәдениет әр адамның күнделікті әдетіне айналуы керек.

«Таза Қазақстан» — Президентіміздің маңызды бастамаларының бірі. Бүгінде бұл бастама халықаралық деңгейде де қолдау тауып отыр. БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен 22 сәуірді Планетаны көгалдандырудың халықаралық күні ретінде жариялады.

2026 жылы «Таза Қазақстан» аясында еліміз бойынша шамамен 7,1 млн адам, оның ішінде 805 мың волонтер қатысқан 613 экологиялық іс-шара өткізілді. Нәтижесінде шамамен 135 мың гектар аумақ тазартылып, 995 мың тоннадан астам қалдық жиналды.

Бұл — жай ғана сандар емес. Бұл — табиғатқа деген жауапкершіліктің артып, экологиялық мәдениеттің қалыптасып келе жатқанын көрсететін нақты нәтиже, - дейді депутат.