"Tarlan Astana" жолаушыларына қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертілді

"Tarlan Astana" жолаушыларына қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертілді
фото: видеоскрин

«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Астана қаласының прокуратурасы өкілдері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп "Tarlan Astana" жүйесінің нысандарында профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара барысында жолаушыларға станциялар мен пойыздарда қауіпсіз жүріп-тұру қағидалары қамтылған жадынамалар таратылды. Сондай-ақ қатысушыларға қоғамдық қауіпсіздік талаптары, қоғамдық тәртіпті сақтау және көлік инфрақұрылымы нысандарын пайдалану қағидаларын сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды белгіленген қауіпсіздік талаптары мен қоғамдық тәртіп қағидаларын сақтауға шақырады. Әрбір азаматтың жауапкершілігі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асырудың маңызды шарты болып табылады.