25 қазан – Республика күніне орай «Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институтында елорданың қала құрылысы саласы мен институттың дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Мерекелік іс-шара аясында 12 маман «Серіктестіктің 25 жылдығы» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар бірқатар қызметкерге кәсіби жетістіктері, адал еңбегі және қала құрылысы саласының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табысталды.

Бұл марапаттар елорданың қала құрылысы құжаттамасын әзірлеуге және қаланың болашақ даму бағыттарын айқындауға атсалысып жүрген сәулетшілердің, қала жоспарлаушыларының, инженерлер мен өзге де мамандардың еңбегіне берілген жоғары баға болды.
Ширек ғасыр ішінде «Астана бас жоспары» институтында білікті мамандардан құралған кәсіби ұжым қалыптасты. Олардың білімі, тәжірибесі мен жауапкершілігі қаланың кешенді әрі тұрақты дамуына ықпал етіп келеді.
Институт ұжымы марапатталған әріптестерін құттықтап, кәсібилігі, өз ісіне адалдығы және елорданың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.