Tarlan Astana пойыздарының қозғалысы қалпына келтірілді

Tarlan Astana пойыздарының қозғалысы қалпына келтірілді

Tarlan Astana пойыздарының қозғалысы қалпына келтірілді. Жүйе штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бүгін сағат 13:28-де «Сығанақ» пен «Бәйтерек» стансаларының аралығында кабель жанды. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Өрт жедел түрде сөндірілді. Инфрақұрылымның жағдайы тексеріліп, қауіпсіздігі расталғаннан кейін пойыз қозғалысы толық қайта жанданды.

Зардап шеккендер жоқ.