Электр станцияларында жоспарлы жөндеу жалғасуда

Электр станцияларында жоспарлы жөндеу жалғасуда
фото: KK Авторизация Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті

Еліміздің электр станцияларында Жүйелік оператордың жоспарына сәйкес жоспарлы жөндеу науқаны жалғасуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Астана-Энергия» АҚ 1-ЖЭО-да екі энергетикалық қазандық агрегатына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті энергетикалық жабдықтардың техникалық жай-күйіне, жөндеу жұмыстарының және жылыту маусымының өту барысына тұрақты мониторинг жүргізеді. Энергетикалық нысандардың сенімді жұмыс істеуі және тұтынушыларды үздіксіз энергиямен қамтамасыз ету мәселелері Комитеттің ерекше бақылауында.