Жасөспірімдер спортын дамыту - басым бағыт

Жасөспірімдер спортын дамыту - басым бағыт
фото: Астана қаласының әкімдігі

Елордадағы спорт саясатының басым бағыттарының бірі – спортшылар резервін даярлау және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту. Қазір Астанада 10 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Онда 7 мыңнан астам бала мен жасөспірім жаттығады,  деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде барлығы 51 спорт түрі бар. Оның 39-ы – олимпиадалық спорт түрлері.

Тәрбиеленушілер гимнастика, футбол, жекпе-жек, су спорты, қысқы және жазғы, ұлттық және басқа да спорт түрлерімен шұғылдана алады.

Спорт мектептеріне балаларды негізгі қабылдау тамыз және қыркүйек айларында жүргізіледі. Оқуға қабылдау кезінде баланың жасы, дене бітімі, қабілеті және нақты спорт түріне қойылатын талаптар ескеріледі.

Қабылдау мерзімі, жас санаттары мен іріктеу талаптары туралы ақпарат Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми ақпараттық ресурстары мен спорт мектептерінің парақшаларында жарияланады.

Балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту алғашқы жаттығулардан бастап республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуға дейінгі спортшыларды даярлаудың тұрақты жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.