Астана қаласы әкімдігінің «Жәрдем» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ұлттық бас киім – тақияны безендіруден қайырымдылық шеберлік сабағы өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Шеберлік сабақты елордалық креатор, қолөнер шебері Нұргүл Ялымова ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ халқының ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрі мен қолөнерін насихаттау, ұлттық құндылықтарды сақтау және кейінгі ұрпаққа дәріптеу. Кездесу ерекше қажеттіліктері бар жандардың шығармашылық қабілетін шыңдауға, жаңа дағдыларды меңгеруіне және өзгелермен еркін қарым-қатынас орнатуына ықпал етті.
Шеберлік сабақтың соңында әр қатысушы өзі безендірген тақиясын естелікке алды. Олар ұлттық бас киімді өз талғамына сай сәндеп, қазақтың ою-өрнегі мен қолөнерінің ерекшілігімен танысты.