Тәжікстанда қазақстандықтар референдумда дауыс бере алады

Тәжікстанда қазақстандықтар референдумда дауыс бере алады

2026 жылғы 15 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді. Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігіндегі №436 сайлау учаскесінде дауыс бере алады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Сайлау учаскесі Душанбе уақыты бойынша 07:00 – 20:00 аралығында жұмыс істейді.

Сайлау учаскесінің мекенжайы: Душанбе қаласы, Хусейнзода көшесі 31/1 (Қазақстан Республикасы Елшілігінің ғимараты).

Сайлау учаскесіне келген кезде өзімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.