"Таза Қазақстан" қоғамдық сананы өзгертіп, жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастырады

"Таза Қазақстан" қоғамдық сананы өзгертіп, жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастырады
фото: жеке мұрағатынан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мен экобелсенділермен бірге елордамыздағы Ботаникалық саябақта ағаш көшеттерін отырғызды. Мемлекет басшысы Отанға деген шынайы сүйіспеншілік кішкентай нәрседен – өз үйіне, ауылына және қаласына қамқорлық жасаудан басталатынын, ал экологиялық бастамаларға қатысып жүрген жастардың жауапты азаматтардың үлгісі болып отырғанын атап өтті. «Таза Қазақстан» уақытша акция ретінде емес, қоғамдық сананы өзгертуге және жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ұзақ мерзімді жоба ретінде қарастыру керек екеніне тоқталды.

Жыл басынан бері бүкіл ел бойынша 600-ден астам экологиялық іс--шара өткізіліп, оған 7 млн азамат қатысқан. Ел бойынша 130 мың гектардан астам жер тазартылып, 1,3 млн ағаш отырғызылған. Осыдан ақ байқағанымыздай, "Таза Қазақстан" бір реттік акция емес, ұлтты ортақ іске жұмылдыратын жүйелі жұмысқа айналғанын көрсетеді.

Президент ел мүддесін әрдайым есте сақтап, Қазақстанның әл-ауқатына қамқорлық жасауға шақырып, бізде басқа Отан жоқ екенін ерекше атап өтті. Бұл үндеу — мемлекеттің болашағын оның азаматтарының елде болып жатқан жағдайға деген жауапкершілігінен бөліп қарау мүмкін еместігін жеткізді. Осындай елдік іске Құрылтай депутаттары да жалпыұлттық іс-шараға атсалысып, ағаштар отырғызды. Табиғатқа деген сүйіспеншілік әр адамның жүрегінен орын тауып жатса, елімнің ертеңі жарқын болары даусыз. Отырғызған көшеттер күні ертең саялы баққа айналып, елордамыз көркейе берсін!

Ерлан Тоқшылық, 

Құрылтай депутаты