Кендебай Адамбек: Әділетті, Қауіпсіз, Озық және Таза Қазақстанды құру – баршамыздың қастерлі парызымыз

Кендебай Адамбек: Әділетті, Қауіпсіз, Озық және Таза Қазақстанды құру – баршамыздың қастерлі парызымыз
фото: жеке мұрағатынан

Құрылтай депутаты Кендебай Адамбек "Әділетті, Қауіпсіз, Озық және Таза Қазақстанды құру – баршамыздың қастерлі парызымыз" деп атап өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

- Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Таза Қазақстан" шарасына қатысқан жастардың алдында осы сөздерді басып айтты.

Аталған жолда белсенді жұмыс істеуіміз керек. Себебі қасиетті Отанымызды дамытудың бұдан басқа жолы жоқ екені хақ.

" Бәріміз адал, шыншыл және жауапты да болуымыз қажет.

Кейбір уақытта байқалмай айтылған сөздердің зияны басқа әрекеттерге қарағанда әлдеқайда қауіпті болады. Соны ешқашан ұмытпаңыздар" деп мемлекет басшысы жастардың қаперлеріне әр сөзіне жауап беру қажеттігін салды.

Қазақстанға бәріміз қамқоршы болуымыз керек. Біздің жалғыз отанымыз ғана бар,- деп жазды ол.