Құрылтай депутаты Замир Сағынов Президенттің "Таза Қазақстан" бастамасы туралы өзінің ойымен бөлісті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
-Мен үшін тазалық тақырыбы әрқашан маңызды болды. Елорданың санитарлық тазалық саласында қызмет еткен кезімде де қоршаған орта мен экология мәселесіне ерекше көңіл бөлдік. Сол кезде де үнемі айтатынмын: тазалық бір күндік жұмыс емес, ол әр адамның өзінен басталуы керек.
Тазалық дегеніміз тек таза көше немесе таза аула емес. Тазалық адамның санасынан, ойынан, жүрегінен басталады. Ұлы ойшыл Әл-Фарабидің еңбектеріндегі ізгі қоғам туралы ойлар да осы ұстаныммен үндеседі. Санамыз таза болса, ойымыз бен жүрегіміз де, айналамыз да таза болады. Сондықтан Мемлекет басшысының «Таза Қазақстанды» еліміздің жарқын болашағының кепілі деп атаған сөзін толық қолдаймын. Таза Қазақстан әрқайсымыздан, өзіміздің күнделікті ісімізден басталады,- дейді ол.