Судағы қауіпсіздік ережелерін есте сақтаңыз

Судағы қауіпсіздік ережелерін есте сақтаңыз
фото: polisia.kz

Аптап ыстықта судағы қауіпсіздік талаптарын сақтау ерекше маңызды. Осы орайда тәртіп сақшылары демалыс орындары мен шомылуға тыйым салынған учаскелерде рейдтік тексерулер мен түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жалғастыруда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Полиция ата-аналарды балаларды су жағасында қараусыз қалдырмауға және оларды үнемі бақылауда ұстауға шақырады. Өйткені балалардың қауіпсіздігі – басты назарда. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін мына ережелерді қатаң сақтау қажет: тек арнайы жабдықталған және шомылуға рұқсат етілген орындарда ғана суға түсу; түбі мен тереңдігі беймәлім табиғи су айдындарына шомылмау; шомылуға тыйым салынған немесе ескерту белгілері орнатылған аумақтарға бармау; алкогольдік ішімдік ішкен күйде суға түспеу; балаларды су жағасында қараусыз қалдырмай, оларды үнемі ересектердің бақылауында ұстау; өз жүзу мүмкіндігіңізге сенімді болмасаңыз, жағалаудан алысқа жүзбеу; дауылды немесе қолайсыз ауа райында суға түспеу; күн астында ұзақ болғаннан кейін бірден суық суға секірмеу және сүңгімеу. Себебі дене температурасының күрт өзгеруі бұлшықеттердің құрысуына және сіңірдің тартылып қалуына әкелуі мүмкін; төтенше жағдай туындаған кезде дереу құтқару қызметтеріне немесе 102 арнасына хабарласу.

Есте сақтаңыз: қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау қайғылы жағдайлардың алдын алып, адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.