Сотталғандар арасында қайталанған құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ведомствоаралық кеңес өтті

Сотталғандар арасында қайталанған құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ведомствоаралық кеңес өтті
фото: gov.kz

Астана қалалық прокуратурасы есепте тұрған тұлғалардың арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және рақымшылық актісін қолдану бойынша бірлескен шараларды өткізуді жалғастыруда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Заң мен Тәртіп» нарративі аясында және есепте тұрған тұлғалардың арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында уәкілетті органдармен ведомствоаралық кеңес өтті.

Сотталғандар арасында қайталанған құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларға кешенді көмек көрсету, жұмысқа орналастыруға, қайта оқытуға жәрдемдесу мәселелері талқыланды.

Жыл басынан бері қолдау шараларымен 159 сотталған жұмысқа орналастырылды.

Жұмыссыз ретінде 34 тұлға тіркелді.

203 сотталғанға 258 түрлі қызмет көрсетілді (тұрғын үй, балабақша кезегіне тұру, емханаға тіркелу, ЭЦҚ және т.б.)

Талқылау қорытындысы бойынша қала прокуратурасы есептегі тұлғалардың арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты күшейту жөнінде тапсырмалар берді.