Шетелде жүрген ҚР азаматтарының дауыс беруін ұйымдастыруға ерекше назар аударылады

Шетелде жүрген ҚР азаматтарының дауыс беруін ұйымдастыруға ерекше назар аударылады
фото: Сыртқы істер министрлігі

Сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында дауыс беруді ұйымдастыру үшін құрылған учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, орналасқан жері және жұмыс кестесі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Учаскелік сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 1338 «2026 жылғы 23 тамызға Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын тағайындау туралы» Жарлығының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 шілдедегі № 26/41 «2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысының негізінде құрылады.

Шетелде жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының дауыс беруін ұйымдастыруға ерекше назар аударылады. Осы мақсатта шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері жанынан тиісті учаскелік сайлау комиссиялары құрылады.

Төменде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі дипломатиялық өкілдіктері жанынан құрылған учаскелік сайлау комиссияларының құрамы қоса беріледі.

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері жанындағы

учаскелік сайлау комиссияларының құрамы мына сілтемеде: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1262169?lang=kk