«Семей – Астана – Семей» бағытында әуе рейсі ашылады

«Семей – Астана – Семей» бағытында әуе рейсі ашылады

Семейден еліміздің ірі қалаларына қатынайтын әуе рейстерінің саны артып келеді. 3 тамыздан бастап «Семей – Астана – Семей» бағытында сыйымдылығы 78-ден 84 орындыққа дейінгі «Bombardier Q-400» ұшағы жолаушыларды тасымалдай бастайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Рейсті «Vietjet Qazaqstan» әуе компаниясы жүзеге асырады.  Жолаушылар аптасына 4 рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері қатынайтын болады.

Билет бағасы 20 мың теңгеден басталады. Болашақта жолаушылар сұранысына байланысты аптасына жеті рейске дейін көбейту жоспарланып отыр.

 Ұшу кестесіне сәйкес ұшақ Астанадан 07:45-те ұшып, Семейге 09:20-да келеді. Ал Семейден 09:40-та ұшып, Астанаға 11:20-да қонады. Ұшу ұзақтығы 1 сағат 35 минутты құрайды.