Сарайшық ауданының прокуратурасы құрылыс салушылармен кездесу өткізді

Сарайшық ауданының прокуратурасы құрылыс салушылармен кездесу өткізді
фото: видеоскрин

«Заң мен тәртіп» нарративі аясында Сарайшық ауданының прокуратурасы ауданның құрылыс салушыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

2026 жылғы 24 шілдеде Сарайшық ауданының прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, ауданның құрылыс ұйымдарының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында тұрғын үй кешендерінің құрылысына қатысты өзекті мәселелер, құрылыс нысандарын аяқтау және оларды пайдалануға беру мерзімдері талқыланды.

Қатысушыларға жаңа Құрылыс кодексінің негізгі ережелері, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнама талаптары түсіндірілді.

Кездесу қорытындысы бойынша құрылыс салушыларға заңнама талаптарын сақтау, құрылыс нысандарын белгіленген мерзімде аяқтап, пайдалануға беру және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді.