Бүгін, 23 тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Астанада дауыс беруге келген ата-аналар үшін сайлау учаскелерінің бірінде балаларға арналған шағын шығармашылық аймақ ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Арнайы аймақта балалар сурет салып, шығармашылықпен айналыса алады. Бұл ата-аналарға дауыс беру рәсіміне қатысуға мүмкіндік берсе, бүлдіршіндер үшін сайлау күнін қызықты әрі мазмұнды өткізуге жағдай жасайды.
Мұндай бастама ата-аналарға қолайлы жағдай қалыптастыруға және отбасымен бірге сайлау учаскесіне келген азаматтардың уақытын жайлы өткізуіне бағытталған.
Балалар шығармашылықпен айналысып жатқанда, ата-аналар азаматтық міндетін атқарып, өз таңдауын жасай алады.
Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы бүгін өтіп жатыр. Дауыс беру учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Елордада сайлау күні азаматтарға қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінуде. Елордада 23 тамыз күні Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде, сондай-ақ қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін.
Астаналықтар өздерінің сайлау учаскесінің мекенжайын sailau.astana.kz веб-сервисі, @sailau_astana_bot Telegram-боты, 2GIS қосымшасы немесе 109 бірыңғай iKomek байланыс орталығы арқылы біле алады.