Робот-ит, фотокабиналар және 3D-ойын: Астана учаскелеріндегі түрлі іс-шаралар

Робот-ит, фотокабиналар және 3D-ойын: Астана учаскелеріндегі түрлі іс-шаралар
фото: видеоскрин

Бүгін елорданың сайлау учаскелерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Учаскелердің бірінде робот-итпен келген адам сайлаушылардың назарын аударды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Сондай-ақ Құрылтай логотипі бар фотосурет түсіріп, оны бірден басып шығаруға мүмкіндік беретін фотокабиналар жұмыс істеді. Бұдан бөлек, компьютерлік 3D-ойын таныстырылды.