Дәл қазір әлемнің 61 елінде 79 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Соның ішінде Қытайдағы қазақстандықтардың дауыс беруге белсенділігі жоғары, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Тілші Әйгерім Тұран Қытайдың Бейжің қаласынан тікелей байланысқа шықты. Оның айтуынша, бұл елде қазақстандық жастардың үлесі басым. Қазір Қытайда 6 мыңнан астам қазақстандық студент білім алып жүр.
Бүкіл Қытай аумағында төрт сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Олар Бейжің, Гонконг, Сиань және Шанхай қалаларында орналасқан.
Қытайдағы қазақстандықтар дауыс беруге белсенді қатысып жатыр