Құрылтай сайлауына дейінгі кері санақ: сайлауға 20 күн қалды

Құрылтай сайлауына дейінгі кері санақ: сайлауға 20 күн қалды
фото: Астана қаласының әкімдігі

Қазақстанда 23 тамыз күні Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Ел үшін маңызды оқиғаға дейін 20 күн қалды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бұған дейін елорданың көрнекті нысандарында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ іске қосылған болатын.

Арнайы таблолар алып шолу дөңгелегіне және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратына орналастырылды. Сондай-ақ кері санақ Сығанақ пен Түркістан көшелерінің қиылысында орналасқан 3D LED-экранда да көрсетіле бастады.

Экрандарда дауыс беруге дейін қалған күндер саны көрсетіліп, елорда тұрғындары мен қонақтарына алдағы маңызды оқиға туралы еске салып тұрады.