Құрылтай сайлауына әннен шашу

Құрылтай сайлауына әннен шашу
фото: Қалиақбар Үсемханұлы

Елімізде өтіп жатқан Құрылтай сайлауына Нұра ауданы Белсенді өмір сүру орталығының мүшелерінен құралған «Нұра әуендері» ансамблі де белсене үн қосты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ансамбль мүшелері №225 сайлау учаскесіне  барып, сайлаушыларға әннен шашу шашты. Өнерпаздардың орындауындағы әсем әндер сайлау учаскелеріндегі мерекелік көңіл күйді одан әрі арттыра түсті.

Жасы үлкен болса да қоғамдық өмірден шет қалмай, елдік маңызы бар шараларға белсенді атсалысып жүрген ансамбль мүшелері осылайша сайлау күніне өзіндік үлес қосты.

«Біз бүгін бірнеше сайлау учаскесіне барып, ән салып, сайлаушыларға мерекелік көңіл күй сыйладық. Бұл – еліміз үшін маңызды саяси науқанға өз үлесімізді қосып, аға буын өкілдерінің де қоғамдық өмірге белсенді араласатынын көрсету», – дейді ансамбль жетекшісі Күлән Қарбайқызы.