Құрылтай сайлауы: №315 учаскедегі ерекше көрініс

Құрылтай сайлауы: №315 учаскедегі ерекше көрініс
фото: Астана қаласының әкімдігі

Бүгін — Қазақстан халқы үшін тарихи күн. Ел азаматтары алғаш рет Құрылтай депутаттарын сайлап, саяси партияларға дауыс беріп жатыр.  Астанадағы №315 сайлау учаскесіне дауыс беруге келгендердің арасында өзіндік киім үлгісімен ерекшеленген жастар да болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Олардың қара түсті, готикаға жақын стилі көпшілікке танымал «Сумерки» (Twilight) фильміндегі кейіпкерлердің образын еске салды.  Сайлау учаскесіндегі бұл көрініс жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуымен қатар, өздерінің жеке стилін де еркін көрсетіп жүргенін аңғартты.