Құқықтық тұрақтылық кепілі

Құқықтық тұрақтылық кепілі

– Конституциялық соттың шешімі құқықтық сенімділікті және жаңа Конституция нормаларының біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету үшін маңызды.

Жаңартылған негізгі заң қабылданғаннан кейін оның ережелерін қолдану тәртібіне байланысты мәселелер өзінен өзі туындайды. Ресми конституциялық-құқықтық түсіндіру әртүрлі түсіндірулерді жоққа шығаруға және заңның үстемдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Түсіндіру тек президенттік институтқа ғана емес, сонымен қатар бірқатар басқа лауазымды тұлғаларды тағайындау және сайлау тәртібіне де қатысты екенін атап өткен жөн. Бұл ретте шешім біреуді автоматты түрде тағайындауды немесе сайлауды білдірмейді, тек жаңа конституциялық норманы қолдану тәртібін анықтайды.

Ең бастысы, Конституция дәйекті түрде қолданылуы керек және оның барлық нормалары біркелкі түсіндіріліп, жүзеге асырылуы керек. Бұл құқықтық тұрақтылықтың және мемлекеттік институттардың одан әрі дамуының негізі болып табылады.

Табиғат ЗЕЙНҰЛҚАБДЕН,

Астана қаласы

мәслихатының төрағасы