Қазақстанға алғаш рет ағылшын тілін оқытуда технологияларды зерттеумен айналысатын әлемдік эксперттер тобы келді

Қазақстанға алғаш рет ағылшын тілін оқытуда технологияларды зерттеумен айналысатын әлемдік эксперттер тобы келді

Қазақстанға алғаш рет дүние жүзінде ағылшын тілін оқытуда технологияларды зерттеумен айналысатын арнайы LTSIG (Learning Technologies Special Interest Group) эксперттер тобы келді. Оқымыстылар еліміздің 300-ге жуық және онлайн 200-дей өзге мемлекет мұғалімінің басын қосқан «Озық технологиялар және тілді оқыту» атты ғылыми-практикалық конференциясына қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Астанада өткен шараны отандық мектептерге ағылшын, француз, неміс және орыс тілдерінің оқу-әдістемелік кешенін дайындайтын EDU Stream халықаралық тіл академиясы ұйымдастырды.

Конференцияның мақсаты – Қазақстанның мектептерінде ағылшын тілін оқытудың озық әдіс-тәсілі, ЖИ-ді білім саласында кеңінен әрі қауіпсіз қолданатын әлемдегі тәжірибе мен кейстерді жергілікті ұстаздарға таныстыру. Британдық, грекиялық, мальталық және қазақстандық эксперттердің ғылыми-практикалық берері жергілікті педагогтармен қатар басқа елдің де ұстазына қажет екенін түсінетін ұйымдастырушылар, офлайнмен қатар тікелей трансляция жүргізіп, бес жүзге жуық қатысушыны қамтыды.    

- «Жасанды интеллектті білім саласында қолдану тақырыбы дүние жүзінде өте өзекті болып тұр. Мысалы, Англияда өткен дүние жүзіндегі ағылшын тілі пәнінің ұстаздарының басын қосқан IATEFL-2026 конференциясында ЖИ-ді тіл оқыту кезінде қолдану тақырыбына 550 баяндама жасалды. Бүгінгі педагогиканың алдында тұрған оқушыны цифрлық сауатты етумен қатар, болашақ ұрпақтың қауіпсіздігін ескеру, ЖИ-мен жұмыс кезінде денсаулығына зиян келтірмеу де біздің жауапкершілігіміз. Яғни дәстүрлі оқыту мен цифрлық құралдарды білім беруде қолданғанда шекараны – балансты сақтауымыз қажет. Жасанды интеллекттің қаупі барын түсінген кейбір елдер бүгінгі таңда мектеп қабырғасында баланы дәстүрлі тәсілмен оқытуға қайта оралып жатыр. Неге? Цифрлық білім беру құралымен шәкірттің бойында когнитивті қабілетті қалыптастыруға болады, ал анализ жасау, сыни ойлау және коммуникация құру сияқты машықтарды ЖИ үйрете алмайды, бұл қасиеттер балаға дәстүрлі оқыту арқылы сіңеді», - дейді отандық мектептердің шет тілі пәнінің ұстаздарына жылына бірнеше семинар-тренинг өткізетін Edu Stream халықаралық тіл академиясының бас директоры Наталья Мұхамеджанова.    

«Озық технологиялар және тілді оқыту» ғылыми-практикалық конференциясының спикерлері және сессиялардың тақырыбы:

  • «Жасанды интеллект дәуіріндегі цифрлық педагогика: тілді оқытудағы жаңа бағыттар». София Мавриди – Де Монфорт Университетінің (Ұлыбритания) білім беру технологиялары және TESOL жөнінде аға оқытушысы және Жоғарғы білім беру академиясының (SFHEA) аға ғылыми қызметкері,
  • «Ж.И.-КЕА әсері һәм Сократтың даналығы: ЖИ көмегін қолдану төл құзыретті дамыта қоймаса да, қалай оқушы сенімділігін арттырады». Эфтихис Кантаракис – Ұлыбританияның Express Publishing компаниясының халықаралық академиялық менеджері, DELTA деңгейінің иегері және MBA,
  • «Жасанды интеллект дәуіріндегі мәтін жазу процесі: оқушының рефлексиясын, қайта қарауын және автономиясын қолдау». Саванна Дэвис – Мальтадағы UniLang халықаралық тіл академиясының ғылыми жетекшісі,
  • «Ұстаздар ойлай білетін жандар: кәсіби тұрғыда өскен кездегі рефлексия және технология». Дэниел Ксерри – Мальта университетінің қолданбалы лингвистика және TESOL кафедрасының доценті және ELT кеңес төрағасы,
  • «ELT ресурсы шектеулі кездегі цифрлық педагогика: Камерундағы жасанды интеллекттің практикалық стратегиясы». Акванви Бишерлайн (Akwanwi Bichearline) – Содикода екі тілде оқытатын мемлекеттік мектептің ағылшын тілі пәнінің ұстазы,
  • «TopIQ Smart Class AI: әр оқушының тиімді білім алуы мен дамуына арналған инновациялық экожүйе». Құдайберген Гүлнұр Серікқызы – «Алматыкітап Баспасының» вице-президенті.

Қазақстанның орта білім саласына әлемдегі инновациялар мен озық оқыту құралдарын енгізумен айналысатын EDU Stream үшін отандық мектептердегі ағылшын тілі пәнінің ұстаздарына балаға сабақты қызық әрі сапалы өткізуге көмектесу – үлкен жауапкершілік. Әлеуметтік жобалары арқылы шет тілін үйренуге оқушыларды да шабыттандыратын отандық компания, британдық, грекиялық және басқа авторларды әкеліп, еліміздің түкпір-түкпіріндегі педагогтардың біліктілігін арттыратын тегін семинар-тренингтерімен осылай белсенді. «Озық технологиялар және тілді оқыту» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылардың пікірі де бұған дәлел:

- «Қазақстанның білім саласына зор үлес қосып жатқандарыңызға рақметімді айтқым келеді.! Нақтырақ айтсақ, мемлекетімізге ғаламдық және қажеттілік тұрғысында дамуына керек ағылшын тілін насихаттағандарыңызға алғыс! Ұстаздарға алғысымыз бөлек – екі күн бойы ұйымдастырған шараларыңыз (25.06.2026 – ағылшын тілінен оқушылар мен ұстаздарға арналған EDU Stream Zhuldyzdary-2026 конкурсының марапаты өтті) қызықты әрі жоғары деңгейде өтті»,

- «Керемет идеялар мен мүмкіндіктерге, айқын тәжірибеге толы конференцияға рақмет!»,

- «Халықаралық конференция – күшті білімнің, өзекті идеялар мен практикалық шешімдердің сарқылмас көзі. Әлемнің мықты спикерлерінің сессиясы ЖИ-дің бүгінгі білім саласында маңызды орын алатынын көрсетті. Бәрінен де әр сессияда біз сабақта қолдана алатын нақты құралдар мен практикалардың болғаны қуантты».