Орталық Азия елдерінен, Еуропалық Одақтан, ШЫҰ-нан және Таяу Шығыстан шамамен 1500 қатысушы ағымдағы мәселелерді талқылау және мемлекетаралық келісімдерге қол жеткізу үшін саммитке қатысады деп күтілуде.

Саммитте негізгі 8 тақырып бойынша мәселелер талқыланады. Олар:


  • Экологиялық жəне табиғи тəуекелдерге бейімделу жəне экономикалық орнықтылық;

  • Азық-түлік қауіпсіздігі жəне өңір экожүйесі

  • Табиғи ресурстарды орнықты басқару;

  • Атмосфералық ауаның ластануымен күрес жəне қалдықтарды басқару;

  • Экологиялық амбицияларға қол жеткізу тетіктері;

  • Əділетті жəне инклюзивті өтпелі кезең;

  • Экологиялық жəне цифрлық құзыреттер;

  • Климаттық өтуді қолдау.


Саммит аясында Орталық Азия мемлекет басшылары тарапынан ортақ декларация қабылдау жоспарланып отыр.

2026 жылы БҰҰ-мен серіктестікте Өңірлік экологиялық саммитті (ӨЭС 2026) өткізу ұсынысын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы барысында жариялаған болатын.

Саммиттің халықаралық серіктестері: БҰҰ, ЭЫДҰ, ХЭА, ХЖЭА, АДБ, ДБ, ЕҚҚДБ, IWMI, SWITCH-Asia.