Жоғары білімді Алматы қаласындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтында, Ақтөбе қаласындағы Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтында және Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында алуға болады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім - Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінде жыл сайын 1000-нан астам адамның біліктілігін арттыруды жүргізеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Техникалық және кәсіптік білім беруді Астана, Щучинск және Шымкенттегі үш әскери колледж ұсынады. Колледждерде мотоатқыштар, танк, артиллерия және инженерлік
бөлімшелер, байланыс әскерлері, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану және жөндеу бөлімшелері үшін кәсіби сержанттар оқытылады.
Болашақ әскери қызметшілер дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушы, барлау, десанттық-шабуыл бөлімшелерін басқару, зымыран әскерлері мен артиллерия бөлімшелерін басқару, заттай қамтамасыз ету және азық-түлікпен қамтамасыз ету сияқты мамандықтар бойынша даярланады.