Қазақстанда 754 шақырым жаңа теміржол желілерінің құрылысы жүргізілуде

Қазақстанда 754 шақырым жаңа теміржол желілерінің құрылысы жүргізілуде
фото: ukimet

Қазақстанда 754 шақырым жаңа теміржол желілерінің құрылысы жүргізілуде — Көлік министрлігі Темір жол саласының өсімі 3,4 есеге артады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жыл қорытындысы бойынша аталған көрсеткіш 3,3 трлн теңгені құрайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді. Ол сондай-ақ теміржол желісінің өткізу қабілетін арттыру мақсатында 754 шақырым жаңа жол салынып жатқанын және 3 мың шақырым жолды жаңғырту жұмыстары аяқталатынын атап өтті. Биыл «Мойынты – Қызылжар», «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желілерінің құрылысы аяқталады.

«Сонымен бірге бірқатар жаңа жобаға кірісіп жатырмыз, оның ішінде Астана – Қарағанды бағытында үшінші жолдарды және Арыс – Қазалы учаскесінде екінші жолдарды салу бар. Және Қызылжар – Шұбаркөл – Есіл және Индербор – Мақат бағыттарын жаңғырту жоспарланған. Қосымша Индербор – Орал және Қарағанды – Қарағайлы жобаларына дайындық жұмыстарға кірісіп жатырмыз», — деді Нұрлан Сауранбаев.