«Қазақ тілі Оксфордта» деректі фильмі түсірілді

«Қазақ тілі Оксфордта» деректі фильмі түсірілді
фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оксфорд университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында бүгінде аталған жоғары оқу орнында қазақ тілі оқытылып келеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Осы бастамаға арналған «Қазақ тілі Оксфордта» атты деректі фильмді «Хабар» телеарнасы түсірді.

Деректі фильмнің алғашқы бөлімін келесі сілтеме арқылы көре аласыздар: https://youtu.be/lhu40WbbzBk?si=5HUJ8bHs_xmsBFqh

Фильмде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазақ тілін Оксфорд университетінде оқыту бастамасының жүзеге асу тарихы мен оның маңызы туралы әңгімелейді.