Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин АҚШ Мемлекеттік департаментінің Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі бюросының жоғары лауазымды өкілі Эрик Мейермен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Тараптар Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделілік танытып, барлық деңгейде тұрақты байланыстарды қолдап отыруға уағдаласты. Осыған байланысты екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейін растайтын АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың шақыруымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің жуырдағы Вашингтонға жасаған сапарының маңыздылығы ерекше аталып өтті.