«Қауіпсіз жаз: Заңды біл – өзіңді және өзгелерді құрметте»

«Қауіпсіз жаз: Заңды біл – өзіңді және өзгелерді құрметте»
фото: Астана қаласының әкімдігі

Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында Астана қаласы прокуратурасының өкілдері «Қауіпсіз жаз: Заңды біл – өзіңді және өзгелерді құрметте» тақырыбында профилактикалық кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара барысында оқушыларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері, құқық бұзушылықтың алдын алу, су айдындарындағы, көшедегі және интернет кеңістігіндегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары түсіндірілді. Қатысушылармен бірге түрлі өмірлік жағдайлар талқыланып, заң талаптарын сақтаудың маңызы мен өз әрекеттерінің салдарын түсіну қажеттігі атап өтілді.

Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған пайдалы ақпарат алды. Іс-шара жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және жауапты азаматтық ұстанымын нығайтуға ықпал етті.