Елордадағы балалар қауіпсіздігі қатаң бақылауда болады. Астанада жыл басынан бері балалардың терезеден құлауының 28 дерегі тіркелген. Бұл туралы мәліметті Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мамандары айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Осындай оқыс оқиға салдарынан 7 бала қаза тапқан. Қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті профилактикалық акция өткізді.
- Акция аясында жергілікті атқарушы органдармен және өзге де ұйымдармен бірлесіп пәтерлерге арнайы терезе қауіпсіздік бекіткіштері орнатылады. Мұндай қауіпсіздік құрылғылары – жазатайым оқиғаның алдын алып, балалардың өмірін сақтаудың қарапайым әрі ең тиімді тәсілдерінің бірі деп есептейміз, -деді Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының инженері, Азаматтық қорғау аға лейтенанты Әли Арғынбаев.