Қасым-Жомарт Тоқаев: «Конституцияда тұңғыш рет білім саласына айрықша мән берілді»

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Конституцияда тұңғыш рет білім саласына айрықша мән берілді»
фото: Aqorda

Тамыз конференциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияда тұңғыш рет білім саласына айрықша мән берілгенін атап өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Биылғы Тамыз конференциясы еліміздегі ауқымды өзгерістер кезеңіне тұспа-тұс келді. Бәріміз бір ел болып, түбегейлі реформаларды ойдағыдай жүзеге асырдық.

Наурыз айында өткен жалпыұлттық референдум нәтижесінде жаңа Халық Конституциясы қабылданды. Тұтас қоғам қолдаған Ата заң бірінші шілде күні күшіне енді. Бұл – еліміз үшін маңызы ерекше тарихи оқиға.

Бас құжатта тұңғыш рет білім саласына айрықша мән берілді, яғни адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамыту еліміздің стратегиялық бағыты ретінде айқындалды», - деді ол.