Қаржылық алаяқтықтың кең таралған схемалары түсіндірілді

Қаржылық алаяқтықтың кең таралған схемалары түсіндірілді
фото: Астана қаласының әкімдігі

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Қалалық психикалық денсаулық орталығының медицина мамандарымен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді,  деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу барысында қатысушыларға қаржылық алаяқтықтың кең таралған түрлері, оның ішінде қаржы пирамидаларының қызметі, негізгі белгілері және азаматтарды заңсыз қаржылық схемаларға тарту тәсілдері туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ цифрлық қауіпсіздік пен цифрлық гигиена мәселелеріне ерекше назар аударылды. Департамент қызметкерлері интернетті қауіпсіз пайдалану ережелерін, онлайн-сервистер мен әлеуметтік желілерде сақтық шараларын сақтау жолдарын, сондай-ақ жеке деректерді алаяқтардан қорғау тәсілдерін түсіндірді.

Кездесуге қатысушыларға қысқа мерзімде әрі кепілді түрде жоғары табыс табуға уәде беретін ұсыныстарға сыни көзқараспен қарау, жеке мәліметтер мен банк деректерін бөгде адамдарға бермеу, қаржылық операциялар кезінде сақ болу қажеттігі ескертілді.

Мұндай кездесулер халықтың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыруға, жеке қаржылық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

#законипорядок #заңментәртіп