Астанада мектептердегі тамақтану сапасын бақылау мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Іс-шараға мектептердің медицина қызметкерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері және ведомствоаралық комиссия мүшелері қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Гүлзира Есжанова мектептерде тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық талаптарды және тез бұзылатын тамақ өнімдерінің бракераж журналын жүргізу тәртібін түсіндірді.
Департаменттің мониторинг, талдау және тәуекелді бағалау бөлімінің басшысы Гауһар Дүйсеғалиева мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы туралы баяндама жасады.