Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 23 тамызда Құрылтайға сайлау өткізу туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 23 тамызда Құрылтайға сайлау өткізу туралы Жарлыққа қол қойды
фото: Aqorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 23 тамызда Құрылтайға сайлау өткізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Алдағы сайлау сайлау жүйесін одан әрі жетілдірудегі маңызды кезең болмақ. «Күшті Президент – ықпалды Құрылтай – есеп беретін Үкімет» формуласы іске аса бастайды. Бұл – Қазақстанның саяси жүйесін дамыту және демократиялық институттарды нығайту жолындағы маңызды қадам.

Сонымен қатар, азаматтардың сайлауға қатысуы – әр адамның мемлекет дамуына қосқан үлесі. Дауыс беру тек конституциялық құқық қана емес, азаматтық жауапкершіліктің де көрінісі. Себебі мемлекеттік биліктің басты қайнар көзі – халық.

#Сайлау #Қазақстан #Құрылтай #Үкімет