Президент «Бірінші шақырылымдағы ҚР Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды,

Президент «Бірінші шақырылымдағы ҚР Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды,
фото: Aqorda

Президент «Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz akorda.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы

2026 жылғы 26 тамыз

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11-дe Астана қаласында шақырылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

       Президенті                                                                                  Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 26 тамыз

            № 1411