Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру бағытындағы жұмыс аясында Астана қаласы полиция департаменті Есіл ауданы полиция басқармасы мен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері №85 мектептің "Жас сақшы" сыныбы оқушыларына ашық сабақ өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Сабақ ішкі істер органдарының қызметкері, Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ерлігі мен жарқын бейнесіне арналды. Ол қызметтік міндетін атқару барысында асқан батылдық пен жанқиярлықтың үлгісін көрсетті. Іс-шараға Астана қаласы ПД Ардагерлер кеңесінің мүшесі қатысты. Оқушыларға Ғазиз Байтасовтың өмір жолы, ерлік жасаған сәті, антына адалдығы мен қызметіне деген беріктігі туралы айтылды.
Сондай-ақ батылдық, жауапкершілік, ар-намыс және өзгелерге көмек көрсетуге дайын болу сияқты қасиеттердің маңызына ерекше назар аударылды. Мұндай сабақтар қаһармандардың ерлігін ұмытпай, өскелең ұрпаққа ішкі істер органдарының озық дәстүрлерін дәріптеуге және өмірін қоғамға қызмет етуге арнаған жандарға деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді.