Педагогтер азаматтық қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша кешенді оқытудан өтті

Педагогтер азаматтық қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша кешенді оқытудан өтті
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласының №8 мектебінде педагогтерге азаматтық қорғау және өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша кешенді оқыту өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы, Азаматтық қорғаныс басқармасы, Апаттар медицинасы орталығы, Жедел-құтқару жасағы және кинологиялық қызметінің қызметкерлері қатысты.

Оқыту барысында педагогтерге төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл тәртібі, эвакуациялау қағидалары, өрт қауіпсіздігі талаптары және алғашқы медициналық көмек көрсету негіздері түсіндірілді.

Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері арнайы жабдықтарды таныстырып, құтқарушылардың жұмысы туралы ақпарат берді. Кинологиялық қызмет мамандары қызметтік иттердің мүмкіндіктерін көрсетіп, олардың адамдарды іздеу және құтқару кезіндегі рөлі туралы түсіндірді.

Мұндай оқыту жұмыстары педагогтердің төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттырып, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.