Елордалық мектеп финалда

Елордалық мектеп финалда
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанадағы №101 мектеп тұрақты даму саласындағы беделді халықаралық Zayed Sustainability Prize 2027 сыйлығының финалына өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Биыл аталған сыйлыққа әлемнің 177 елінен 10 233 өтінім түскен. Жоба қатысушылары тұрақты даму мен әлеуметтік маңызы бар бастамаларын түрлі санаттар бойынша ұсынды.

Астаналық №101 мектеп «Еуропа және Орталық Азия» өңірі бойынша «Орта мектептер» санатындағы финалистер қатарынан орын алды. Мектеп халықаралық байқауға сыныптардағы ауа сапасын бақылауға бағытталған, жасанды интеллект технологиялары қолданылатын жобасын ұсынған.

Финалист ретінде мектепке 25 мың АҚШ доллары көлемінде қаржылай қолдау қарастырылған. Ал байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған жағдайда жобаға 150 мың АҚШ доллары көлемінде қаржылай қолдау көрсетіледі.

Халықаралық сыйлықтың жеңімпаздары 2027 жылғы 12 қаңтарда Абу-Даби қаласында жарияланады.