Елордада AI & Digital Bridge 2026 форумы өтуде

Елордада AI & Digital Bridge 2026 форумы өтуде
фото: Астана қаласының әкімдігі

Форум 1–3 қазанда Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

1 қазанда арнайы шақырумен мемлекеттік және халықаралық делегациялардың, сондай-ақ технологиялық индустрия өкілдерінің қатысуымен жоғары деңгейдегі арнайы бағдарлама қарастырылған.
2–3 қазанда билет иегерлеріне арналған ашық бағдарлама өтеді. AI & Digital Bridge 2026 форумын Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub және Астана әкімдігі ұйымдастырып отыр. Форумды өткізу серіктестер мен демеушілердің қолдауының арқасында мүмкін болып отыр. AI & Digital Bridge 2026 шарасына қажетті барлық шығындар демеушілік қаражат есебінен атқарылады.

Алтын серіктестер — «Фридом Банк Казахстан» АҚ, Kaspi.kz, «Самрук-Қазына» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ. Күміс серіктес — Halyk Bank. Бизнес-серіктес — Beeline Казахстан. Қола серіктес — Yandex Qazaqstan. Ресми әуе серіктесі — Air Astana. «Trusted Kazakhstan» — бұл елдің ауқымды технологиялық бағытының («Kazakhstan is the Eurasian AI Hub») бір бөлігі.

Мұндай алаңдар «Trusted Kazakhstan» идеясының іс жүзінде қалай жүзеге асатынын айқын көрсетеді: халықаралық технологиялық қауымдастық Қазақстанның дамуы туралы тек сырттай естіп қана қоймай, компаниялармен, кәсіпкерлермен, әзірлеушілермен, инвесторлармен және экожүйе инфрақұрылымымен тікелей танысуға мүмкіндік алады. AI & Digital Bridge 2026 форумы серіктестер мен демеушілердің қолдауының арқасында ұйымдастырылып отыр. Шараны өткізуге қатысты барлық шығындар демеушілік қаражат есебінен атқарылады.

Алтын серіктестер — «Фридом Банк Казахстан» АҚ, Kaspi.kz, «Самрук-Қазына» АҚ және «Казахтелеком» АҚ. Күміс серіктес — Halyk Bank. Бизнес-серіктес — Beeline Казахстан. Қола серіктес — Yandex Qazaqstan. Ресми әуе серіктесі — Air Astana. Форумды Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Astana Hub және Астана әкімдігі ұйымдастырып отыр.